Спорт
Бұл әлемдігі ең қымбат премиум автокөлік саналады.
Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлемдегі ең қымбат автокөлікті сатып алды.
Футболшы сәуір айының аяғында құны 11 миллион евро болатын Bugatti Voiture Noire автокөлігін сатып алған. Бұл әлемдігі ең қымбат премиум автокөлік саналады.
Жылдамдатқышының қуаты 1500 ат күшіне тең. Көлік жылдамдығын сағатына 420 километрге дейін апара алады.
Бірақ футболшы 2021 жылға дейін бұл автокөлікке міне алмайды. Оған дейін инженерлер өңдеу жұмыстарын жүргізбек.
Еске сала кетейік, Роналду "Ювентус" сапына 2018 жылдың жазында ауысқан еді. Оның жаңа клубтағы жалақысы – жылына 30 миллион евро. Биылғы маусымда шабуылшы 28 ойында 20 гол салып, Италия чемпионы атанды.