ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Видеодан алынған скриншот
БҚО-да полиция қызметкерлері жүргізушіні тоқтатып, өздері де айыппұл алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Мой город" сайтына сілтеме жасап.
Полиция Кирсаново – Орал тасжолында Toyota Land Cruiser автокөлігін тоқтатады. Жүргізуші бірнеше ережені бұзғаны белгілі болды. Ол көлікте техникалық ақаулар бар, маневр жасау ережелері бұзылған, жылдамдықты асырған, сондай-ақ көлік заңсыз қайта жабдықталған.
Алайда, тоқтатқан патрульдік көлікте де ақаулар бар болып шықты. Атап айтқанда, оның алдыңғы әйнегі зақымдалған, осыған байланысты полиция қызметкерлеріне айыппұл салынды.
Патрульдік көлік ақауларды жою үшін базаға жіберілгені айтылды.