Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Ukimet
Премьер-министр Олжас Бектенов салық кодексінің жобасын 20 ақпанға дейін мәжілістің қарауына енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен үкімет отырысында салық реформасы мәселесі қаралды. Отырыста үкімет басшысы салық кодексінің жобасын 20 ақпанға дейін мәжілістің қарауына енгізуді тапсырды.
"Жалпы ұсыныстарды қолдаймыз. Осы аптада өңірлерге барып, халықтың барлық санатымен егжей-тегжейлі талқылау керек. Мен де Астанада және өңірлерге барып, талқылауларды өткіземін. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша салық кодексінің жобасы мен ілеспе заң жобасына түзетулерді 20-шы ақпанға дейін мәжіліске енгізу керек. Ары қарай мәжілісте талқылауды жалғастырамыз", - деді Олжас Бектенов.
Бүгіннен бастап үкімет бастамаларын өңірлердегі бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен талқылайтын алты жұмыс тобы өз жұмысын бастайды.
Еске салайық, бұған дейін Олжас Бектенов қосымша құн салығын өсіру туралы бастама көтерген еді.