ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Қазақстан жемқорлық деңгейі бойынша былтырғы көрсеткіштен бір ұпайға жоғары көтерілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Transparency International ұйымы жасаған тізімде еліміз 180 елдің ішінде 88-орынға ие болды. Жалпы ел 100-ден 40 ұпай жинады. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен тура бір ұпайға артық.
Проблемалық салалардың қатарында сот жүйесі, атқарушы билік және бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуы бар.
Transparency International ұйымының Қазақстанға ұсынымдары:
Бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалауды күшейту (цифрлық технологияларды қолдану арқылы);
Демократиялық реформалар жүргізу;
Сөз бостандығын, журналистер мен сыбайлас жемқорлықты зерттеушілердің құқығын қорғау;
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаны қатаңдату;
Заңсыз алынған активтерді қайтару процесін ашық өткізу.
Қазақстан сыбайлас жемқорлық бойынша Түрікменстан (165-орын), Тәжікстан (164), Қырғызстан (146) және Өзбекстаннан (121) жоғары тұр.