ҚОҒАМ

Алматыда қоқыстан әйелдің бөлшектелген денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда қоқыс сұрыптау кезінде әйелдің бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Кеше, 11 ақпан күні таңертең "Green Recycle" ЖШС қоқыс өңдеу кәсіпорнының аумағында қоқысты сұрыптау кезінде 1989 жылы туған әйелдің бөлшектелген денесі табылды. 

Қанды оқиға 9 ақпан күні шағын ауданның біріндегі жалға алынған үйде болған. Әйел өзімен бірге тұратын адаммен ішімдік ішкен. Кейін ер адам мен әйел арасында жанжал туындап, 1983 жылы туған ер адам оған пышақ сұққан. 

Ер адам әйелдің көз жұмғанын көріп, қылмысын жасыру мақсатында денесін бөлшектеп, қоқысқа тастапты. Күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.