ДАМУ

Депутат елімізде “шетел агенттері” туралы заң қабылдауды ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: 

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова “шетел агенті” туралы заң дайындауды ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Депутат Қазақстанда 200-ге жуық үкіметтік емес ұйым шетелден қаржыландырылатынын айтты. Оның 70%-ы қаржыны түрлі ұйым арқылы АҚШ-тан алып отыр. 

Смирнова Қазақстан ұлттық мүддесін USAID сияқты ұйымдар қызметінен қорғауы қажет деп мәлімдеді. Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында мәжілісмен АҚШ талқылап жатқан USAID агенттігі, “Азаттық” пен “Америка дауысы” радиоларын мысал етті.

Депутат жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың жағдайын қайта қарап, “БАҚ-ты қолдау”, “адам құқығы”, “толеранттықты арттыру” дегенді желеу етіп жүргендерді тексеруге шақырды. Сондай-ақ Қазақстанда бірқатар елдердегі сияқты заң қабылдауды ұсынды.

“Қазақстанға бұл тәжірибені қолдап, ел азаматтары ақпаратты бағалап, салыстыра алуы үшін оның дереккөзін білетіндей кез келген құрылымды нақты белгілейтін ұлттық заңнама дайындау қажет екеніне сенімдімін. Бұл ретте гуманитарлық және ғылыми ұйымдарға бірқатар ерекшелік белгілеу қажет. Мұндай амал ұлттық мүддені қорғауға мүмкіндік береді, салауатты азаматтық қоғамды қудалауға және оның дамуын бәсеңдетуге апармайды”, - деді Смирнова.

Смирнова “шетел агенті” туралы заң Израильде, Қытайда, Австралияда, Ұлыбританияда, Францияда, АҚШ-та бар екенін айтты.