Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Жеңістің 80 жылдығына орай өтетін әскери парадқа 2,5 миллиард теңге жұмсалады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше. қаражат жанар-жағармайға, қосалқы бөлшектерге, іссапарлар мен әскерлердің қозғалысына және киім тігуге жұмсалады екен. Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру үш кезеңнен тұрады. Алдымен әскерилердің маршы ұйымдастырылады. Артынша әскери техникалар көрсетіліп, соңында ұшақ ұшып өтеді.
Айта кетейік, Қазақстанда 2020 жылдан бері әскери шерулер өткізілмеген еді. Сондықтан Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығын тойлау 2025 жылы мемлекет күн тәртібінде тұрған маңызды оқиға екенін айтты.