ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: видеодан скрин
Астанада 15 жастағы жасөспірім 5 жасар балаға ауыр пышақ жарақатын салды. Жәбірленушінің анасы оқиғаның қалай болғанын баяндады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желіде жаппай тарады. Қазір жарақат алған бала ауруханада жатыр.
"Есік ашық тұрды. Батыр жүгіріп келіп: “Мама, мені өлтіргісі келді!” – деді. Не болғанын сұрағанымда, ол балалар алаңын көрсетті. Алғашында біреу сол жерде тиісті ме деп ойладым. Баламның жүзі қанға боялып, есінен танып құлай берді. Қан тоқтаусыз ақты. Не істерімді білмей, абдырап қалдым", – дейді жәбірленушінің анасы.
Оның айтуынша, шабуыл жасаған жасөспірім алдымен баланы ойынға шақырып, алдап, кейін күрекпен бетінен ұрып, пышақпен шабуылдаған.
"Ол мойнына пышақ сұғуға тырысқан, бірақ шарф пен бас киім кедергі болған. Соған қарамастан, жарақат құлағының түбінен түскен. Қазір баламның сол жақ беті дұрыс жұмыс істемейді, қатты ісіп тұр", – деді анасы.
Жәбірленуші тарап құқық қорғау органдарына арыз жазды.
"Осындай науқастар неге емін-еркін жүр? Неге заң оларды қадағаламайды? Кейбіреулер мені кінәлап жатыр, бірақ мен ұлымды терезеден қарап, бақылайтынмын. Бұл мәселені көтеру керек", – деп мәлімдеді анасы.
Қазіргі уақытта бұл жағдайға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.