Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Jusan bank
Кәсіпкер Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алатынын растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Kaspi.kz-тің негізгі акционері Вячеслав Ким Қаржы нарығын бақылау және дамыту агенттігіне Jusan Bank акцияларының 97,5 пайызын сатып алуға өтініш берді.
"Реттеуші өтінімді егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шешім қабылдайды. Мен бұл келісімнің Kaspi.kz компаниясына қатысы жоқ екенін атап өтемін”, - деді Вячеслав Ким.
Алдын ала мәлімет бойынша, Jusan Bank акцияларының 97,5%-ы кәсіпкер Ғалымжан Есеновке тиесілі. Оның 19,67%-ы тікелей өз меншігінде, ал 77,86%-ы First Heartland Securities арқылы иеленген.