САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Ақорда
Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Осыған дейін бұл қызметті атқарған Болат Ақшолақов Президент өкімімен кеңесші лауазымынан босатылды.
Мағзұм Мырзағалиевтің еңбек жолы
Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.
2001-2004 жылдары MI Drilling Fluids International (Schlumberger) компаниясында бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер қызметін атқарып, АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өтті.
Кейін “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ құрылымында әртүрлі басқарушылық лауазымдарды атқарды.
2013-2014 жылдары – мұнай және газ вице-министрі,
2014-2019 жылдары – энергетика вице-министрі,
2019-2021 жылдары – экология, геология және табиғи ресурстар министрі,
2021-2023 жылдары – энергетика министрі болды.
Болат Ақшолақовтың еңбек жолы
Болат Ақшолақов 1971 жылы 9 сәуірде Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakhstan құрылымында экономист ретінде бастады.
2021-2022 жылдары “Самұрық-Қазына” АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.
2022 жылы қаңтарда ҚР энергетика министрі болып тағайындалды.
2023 жылы сәуірде Президенттің кеңесшісі болып қызметке кірісті.