Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Алматы қаласы әкімінің сайты
Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаров Астанада 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров алкогольге мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталды. Жоғарғы Сот сайтының сот кабинетінде жарияланған іс материалдарында Ержан Жалбақұлы Бабақұмаровтың көлігі 2025 жылдың 29 қаңтарында сағат 03:15 шамасында Астана қаласы Төлебаев көшесінің бойында тоқтатылғаны айтылған.
"Ол Toyota Land Crusier Prado көлігін мас күйде жүргізген", - делінген сот қаулысында.
Нәтижесінде сот оған қатысты 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарды.
Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" мемлекеттік мекемесін басқарды. Сол жылдың қыркүйегінде аталған қызметтен босатылды.