Bugin

“4 жастағы баланы тұншықтырған”: Алматыдағы балабақшада жантүршігерлік оқиға болды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы бірнеше секунд бойы тұншықтырған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көресіз.

Алматы қаласының тұрғыны 4 жасар баласының балабақшада соққыға жығылғанын айтып, полицияға жүгінген. Бану Түлешева бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талап етті. Ол нәтижесінде сұмдық оқиғаны көрді.  Кадрларда тәрбиеші баланы тұншықтырып, жан-жаққа тартып итергені анық көрінеді. Сондай-ақ сол сәтте бөлмеде тағы екі қызметкердің болғаны байқалады. Алайда олар болып жатқан жағдайды тоқтатуға тырыспай, өз жұмыстарын жалғастырған.

Оқиғаға байланысты өзге де ата-аналар Алматы қаласы Бостандық ауданының полициясына шағымданды.