Bugin

Астанада ер адамның үстіне футбол қақпасы құлап, қаза тапты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Астанада жігіттің үстіне футбол қақпасы құлады. Жігіт алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көресіз.

Қайғылы жағдай кеше, 13 ақпан күні “Достық арена” спорт алаңында болған. Футбол ойыны кезінде қақпада тұрған жігіт оған асылып, айналмақшы болады. Алайда жігіт қақпаға асыла бергенде, қақпа жігіттің үстіне құлайды. Марқұм 25 жаста екен. 

“Футбол алаңында ер адамның қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жазатайым оқиға болған. Қақпа жігітті басып қалған”, - деп хабарлады елордалық ПД.