Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: инстаграм: banu_tleusheva
4 жастағы баланы тұншықтырған балабақшаның былығы ашылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
4 жасар баланың анасы Бану Тілеушева әлеуметтік желіде бар жағдайды баяндады.
“Бір апта бұрын балаларымды басқа балабақшаға ауыстырғанмын. Халал, апайлары намазхан болғандықтан жақсы деп ойладым. Балам шағым жасай бергеннен кейін бүгін барып камераларын көрдім. Қазір заң жүзінде процесс басталып кетті. Уақыты келгенде бәрін ашып көрсетемін”, - деп жазды бүлдіршіннің анасы.
Бану Тілеушева бұл балабақшаның 3 бөлімшесі бар екенін айтты. Алайда ол балабақшаның барлық бөлімін жапқызып, кінәлілерді жауапқа тартуды мақсат тұтқан.
“Мынау басқа күні. Басқа апай баламды қамап, аяғымен басын қысып қинап отыр. Осы бақшаның үш бөлімі жабылғанша соңына дейін барамын”, - деп жазды ол.
4 жастағы баланың анасы қазір балабақшаның уақытша жабылғанын айтты. Ол жердегі барлық тәрбиешіні полиция алып кеткен. Барлық құжаттар тексеріліп жатыр екен.