Bugin

Павлодар облысында колония бастығының орынбасары ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Павлодар облысында колония бастығының орынбасары ұсталды. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ақпаратты ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады.

Интернетте оның ауыр зардаптарға әкеп соқтырған өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл факт бойынша құзыретті органдар қылмыстық іс қозғады. 

“Мекеменің бірқатар қызметкерлері мен ҚАЖ жауапқа тартылды, мекеме бастығы қызметінен босатылды. Тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңсыз әрекеттерге принципті ұстанымын білдіреді. Тергеуге жан – жақты жүргізілуде"- делінген хабарламада.

Прокуратура қызметкерлері ұсталған адамның майор Айдар Айдарханов екенін айтты. Сондай-ақ режим бөлімінің бастығы Мейірман Қажымұратов та ұсталды.