ҚОҒАМ

Ақтөбе облысында жасөспірім өзіне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ақтөбе облысында ауылдық мектепте 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Halyqstan телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Шалқар ауданында болды. Әзірге құқық қорғау органдары мен білім басқармасы түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Шалқар ауданының білім бөлімінің басшысы Аянберген Башанов ауданды аралап, ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастықпен кездесулер өткізуде. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.