Weekend
Бетпақдала - сүйкімді дала
Жамбыл облысы мен Қарағанды облысының жерінде көсіліп жатқан Бетпақдала деген дала бар. Қазақ бұл даланы "Бетпақ" деп атауы, шөлді, сусыз, табиғаты қатал, қыста аязды, суық, жазда ыстық болуына байланысты болуы керек.
Ал енді осы далада алтыннан бастап, түрлі минералдар, көмір, жартылай қымбат металдар, кен орындары өте көп. Қорлары біраз жылға жетерлік көмір, темір, гранит, барит кендері бар. Кен орындарының ара қашықтығы 20-30, 40-60 шақырым шамасында. Жартылай қымбат бағалы тастардан мысалы, гематит-кровавик, агат, родингит, тау xрусталі, мәрмәр тас, xалцедон, каxолонг минералдардан жүзік, сақина, әшекей заттар жасауға болады. Барит рудасын мұнай шығаруда пайдалады, мұнай ұңғыларын тазартуда керек.
Бұл кен орындарының қоры 10-15 жылға жететіндіктен уақытша поселоктер салып, игеруге болмас па?
Кеңес Одағы кезінде Коммунистік партияның жастар қанаты комсомолдар игі бастамалар көтеріп, бүкілодақтық құрылысқа кен, тың игеруге аттанып жатушы еді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та сол бастамамен Теміртауға барғаны белгілі. Қазір де мемлекет осындай бастама көтеріп, жастар оны қолдап, игілікті іс бастаса, құба-құп болар ма еді? Жастардың қалаларда шоғырлануы азаяр ма еді? Жұмыссыздық кемитін бе еді?
Осындай ұсақ кен орындарының ортасына салынған уақытша ауылдарда тұрған жастар ақша жинап, кейін қалада тұра ма әлде сол жерлерде қала ма, өздері білер еді.
Ол үшін "Бетпақдала – жастар даласы" деген бағдарлама қабылдау керек шығар. Сөйтіп Бетпақдала сүйкімді далаға айналар еді.