ҚОҒАМ

Қазақстанда су тасқыны қаупі бар елді мекендер саны 1200-ден асады – ТЖМ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) су тасқынына қарсы іс-қимыл алгоритмін жетілдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әсет Жылқайдаровтың мәлімдеуінше, бүгінде ел аумағында су тасқыны қаупі бар 1223 елді мекен бар.

Тасқын қаупін азайту үшін:

  • 576 шақырым қорғаныш бөгендері мен біліктері салынды;
  • 822 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделді;
  • Автомобиль және теміржол бағыттарында 960 су өткізу құрылғысы орнатылды және ауыстырылды;
  • 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде 500 шақырымға жуық түбін тереңдету, жағалауды бекіту және арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар зардап шеккендерді қабылдауға арналған 3,5 мыңнан астам эвакуациялық пункт дайындалды. Төтенше жағдай кезінде тіршілікті қамтамасыз ету құралдары мен мемлекеттік материалдық резервтен қажетті техника жұмылдырылмақ.