Экономика
Бір жылда 7 мың адам қоныс аударған
2018 жылдан бастап қарқынды түрде Ресейдегі ауқатты жандар сыртқа қоныс аударып, кетіп жатыр. Бір жылдың ішінде миллиондаған доллары бар 7 мың бай шетке кеткен. Бұл жайында Global Wealth Migration Review компаниясының зерттеулерінде айтылған.
Зерттеу бойынша басты орында Қытай тұр. 2018 жылы Қытайдан 15 мың, Ресейден 7 мың, Үндістаннан 5 мың, Түркиядан 4 мың, Франциядан 3 мың ауқатты азаматтар өзге елдерге қоныс аударған.
Қоныс аударушылардың басым көпшілігі Аустралияға кетуде. Бұл елге бір жыл ішінде 12 мың адам келген. Артынша АҚШ тұр. "Армандар мекеніне" 10 мың ауқатты жан барған. Үштікті Канада тәмамдап отыр. Ресейде соңғы статистика бойынша 163 мың долларлы миллионерлер бар. Ресей экономикасы құлдырап бара жатса да миллионерлер пайда болу жағынан көш бастап тұр.