ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik
Ұлытау облысында үйінді астында қалған жеті кеншінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
“Қазақмыс” дерегі бойынша, қаза болған кеншілердің тізімі:
1. Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, насос машинисі;
2. Жакубаев Ардақ Боранбаевич, 1998 жылы туған, жерасты тау-кен шебері;
3. Жұмадуллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты кеншісі:
4. Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
5. Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, бұрғылаушының көмекшісі,
6. Нурулдаев Олжас Жағалбаевич, 1979 жылы туған, жерасты учаскесінің энергетик,
7. Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау-кен жабдықтарының электр слесарі.
Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында “Қазақмыс” корпорациясына қарасты “Жомарт” кенішінде тау-кен массасы опырылып, жеті жұмысшының қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.
ТЖМ іздестіру-құтқару жұмыстары барысында "Қазақмыс"корпорациясы ЖШС-не тиесілі кеніштен жеті қызметкердің денесі табылғанын мәлімдеді.
“Олардың жеке басы анықталуда. Қайтыс болған жеті жұмысшының денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды”, — деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен апаттың себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында арнайы комиссия құрылды. Оған премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді.
Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары да тексеру жүргізіп жатыр.
Полиция департаментінің мәлімдеуінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі – “Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу топтары жұмыс істеп, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.