Bugin

Елімізде су тасқынын болжайтын жүйе іске қосылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Қазақстанда су тасқынын болжайтын жүйе іске қосылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оның алғашқы қорытындысы наурыз айының басында шықады. Жалпы жүйе көктемгі су тасқынын бір апта бұрын болжауға мүмкіндік береді екен. 

“Бүгінде өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша тасқынын модельдеу жүргізіледі”, - делінген Су министрлігінің хабарламасында. 

Tasqyn жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген.

"Су тасқынына ел ішіндегі дайындықтан бөлек, біз көрші мемлекеттердегі әріптестерімізбен де тұрақты байланыстамыз. Ақпарат алмасу жедел жүреді. Көктемгі су тасқынын қабылдауға қоймаларда бос орын дайындау үшін су тастау жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде еліміздің су қоймалары 13 миллиард текше метр су қабылдай алады", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Еске салайық, былтыр еліміздің бірнеше өңірінде су тасқыны болды. Нәтижесінде мемлекетке біршама шығын келіп, халық үйінен айырылды.