Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: e-qazyna.kz
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 4-7 наурызда олигарзатрдан қайтарылған бұымдарды сауда-саттыққа салады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Аукционға қойылған активтердің ішінде 63 зергерлік бұйым бар. Олардың ішіндегі ең қымбаттарының суреті тарады.
Мысалы DE BEERS сырғасы, жалпы салмағы 6,06 карат гауһар тастармен көмкерілген, құны 158 миллион теңгеге бағаланады. Әшекей 750-ші ақ алтыннан жасалған. Сонымен қатар Van Cleef & Arpels алқасы 55 миллион теңгеге бағаланған. Ол 750-ші ақ алтыннан жасалған, жалпы салмағы 16,92 карат гауһар тастармен көмкерілген және брендтің белгісі бар. Ал YEPREM сақинасы 14 миллион теңгеге бағаланған. Эксклюзив сақина 750-ші ақ алтыннан жасалған және 85 гауһармен безендірілген.