Экономика

Қазақстанда ең жоғары жалақыны қай өңір алады?

400 мың теңге жалақыға кімдер ие?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өңірлер арасында ең жоғары жалақы Атырау облысында тіркеліп отыр. Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңгені құраған.

Қазақстан ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше, биылғы жылдың І тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңге болған.

Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақыны кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазумен айналысатын жұмысшылар алады – 401,1 мың теңге. Бұл орташа республикалық деңгейден 2,4 есеге жоғары.

Одан кейінгі орында қаржы және сақтандыру қызметі – 323 мың теңге,  кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 296,3 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында – 253,0 мың теңге, көлік саласында – 218,2 мың теңге.

Ал ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығында тіркеліп отыр – 93,2 мың теңге. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 44,7%-ке төмен.

Өңірлер арасында ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 322,7 мың теңге, яғни орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге жоғары. Ең төменгі жалақы Түркістан облысында екен, 109,0 мың теңгені құраған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61