Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Видеодан алынған скриншот
Қаржылық мониторинг агенттігі тұтыну кооперативінің атын жамылған "Asar Baspana" қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған. Ал қарымына ай сайын салынған соманың 30% - на дейін пайда табуға уәде берген.
Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді.
Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.