Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: "Мой город"
Бөкей ордасы ауданына қарасты Ұялы ауылының маңында белгісіз ұшу аппараты табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ұялы ауылының маңында құлаған құрылғыны алғаш тұрғындар көрген. Ұзындығы - 120 см. Оқиға орнына полиция мен құтқарушылар барған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
“Ұялы ауылының маңында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсайтын заттың құлауына байланысты полиция уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру шараларын жүргізіп жатыр”, – деп хабарлады облыстық полиция.