Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Ұлттық статистика бюросы елімізде қанша қала бар екені жөнінде статистикалық мәліметті бөлісті, деп хабарлайды Bugin.Kz порталы.
Ұлттық статистика бюросы жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда қала мәртебесін алған 90 елді мекен бар, соңғы жыл ішінде олардың саны бір бірлікке артқан. Алматы облысында облыстық маңызы бар жаңа қала пайда болған.
"Жалпы облыстық маңызы бар қалалар саны – 39, аудандық маңызы барлар – 38, республикалық маңызы бар қала – 3. Өңірлік бөліністе қалалардың ең көп саны Ақмола облысында – 11 бірлік, сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарының әрқайсысында 8 бірліктен", - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
2025 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда аумақтық бірліктер қатарында 195 аудан, 29 кент, 2160 ауылдық округ және 6 179 ауыл бар.