ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Ақтөбе қаласының №2 соты “ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің” директоры Гүлбану Тәкішеваға үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тергеу мәліметтері бойынша, колледж директоры 2023 жылы орынбасарына 2024 жылғы түлектерден белгілі бір сомада ақша жинауды тапсырған. Студенттер өндірістік практиканы аяқтағаны туралы белгі үшін 10 мың теңге, сессиядан өткені үшін 5 мың теңге, ал мемлекеттік емтихандарды қиындықсыз тапсыру үшін 20 мың теңге төлеуі керек болған.
Тапсырма топ кураторларына жеткізіліп, нәтижесінде 108 студенттен 500 мың теңге жиналған. Бұл қаражат директордың орынбасары арқылы Тәкішеваның қолына берілген. Кейін ол тағы 1 миллион 90 мың теңге алған кезде ұсталды.
Сотта Тәкішева өз кінәсін мойындамады. Алайда студенттер емтихан тапсырмай, ақша бергендерін растады.
Ақтөбе қаласының №2 соты колледждің бұрынғы директорын коммерциялық пара алғаны үшін кінәлі деп танып, оны 2,5 жылға бас бостандығынан айырды.