Bugin

Алматыда полиция басшысы боқтық сөзі үшін жұмыстан қуылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ІІМ

Алматыдағы Әуезов ауданының полиция басшысы Данияр Меңдібаев боқтаған соң жұмысынан шеттетілді, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша басшының боқтық сөз айтқан аудмосы желіде тарап кеткен. Полиция департаментінің мәліметінше, заң бұзушылық анықталған жағдайда қатаң шара қолданылады.

“Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру кезеңінде аталған басшы қызметтен уақытша шеттетілді. Бұзушылық расталған жағдайда қатаң шара қабылданады”, - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әуезов ауданының полиция басшысы дауыс көтеріп, балағаттаған ер адамның аудиожазбасы әлеуметтік желіге бұрын шыққан. Ал мәтіндік сипаттамада ер адамның дауысы Данияр Меңдібаевтікі екені жазылған.