Спорт
Ұлттық құрама әзірге Әлем біріншілігінде жеңіліссіз келеді
29 сәуір күні басталған шайбалы хоккейден І дивизиондағы командалар арасындағы Әлем біріншілігінің ойындары жалғасын тапты. Қазақстан құрамасы екінші тур ойынында Литва құрамасынан 3:1 есебімен басым түсті.
Ойынның 11 минутында Дастин Бойд есеп ашса, 32 минутында Никита Клещенко есепті еселеді. 42 минутта Арвидас Домейко есеп айырмасын қысқартса да ойын соңында Даррен Диц бос қақпаға гол салып, Литва құрамасының ұпай жинаймыз деген үмітін көкке ұшырды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 6 ұпай болды. Сондай-ақ, Оңтүстік Корея мен Белоруссия құрамаларының қоржынында да 6 ұпайдан.
Айта кетейік, бүгін 2 мамыр күні ұлттық құрама Оңтүстік Кореямен кездеседі.