МӘДЕНИЕТ

Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогында үш медаль жеңіп алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

Қазақстандық садақшылар Таиланд астанасы Бангкокта өткен Азия кубогы кезеңінде үш бірдей медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан құрамасы үш мәрте күміс жүлдегер атанып, құрмет тұғырының екінші сатысына көтерілді. Жүлделердің барлығын блокты садақ ату жарысында еншіледі. 

Жекелей сында Роксана Юнусова екінші орынға ие болды.

Әйелдер командалық сайысында Виктория Лян, Роксана Юнусова және Аружан Жексенбинова күміс жүлдегер атанды.

Андрей Тютюн мен Виктория Лян аралас жұпта екінші нәтижені көрсетті.