Bugin

Ер адам жол сөмкесіндегі заты үшін 11 жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ұлытау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ол гашишті заңсыз өңдеу, сақтау, тасымалдау және аса ірі көлемде сату бойынша айыпталды. Сотталушы тыйым салынған затты тұрмыстық жағдайда дайындап, кейін оны жол сөмкесіне жасырып, жолаушылар пойызымен Жезқазған қаласына жеткізген. Ол есірткіні сатуды жоспарлаған.

Сот барысында прокурор айыпталушының кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Құқық қорғау органдары Ұлытау облысы аумағында шамамен 5 килограмм гашиштің таралуына жол бермеді. 

Сот сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.