Bugin

Қазақстандағы жұмыссыздар саны ресми деректен көп болуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Елдегі жұмыссыздар саны ресми көрсеткіштен көп болуы мүмкін. Бұл туралы Halyk Finance сарапшылары айтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2024 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,6% болған. Мамандардың айтуынша, бірнеше жыл бойы елдегі жұмыссыздық деңгейі ресми түрде тұрақты 5% шамасында сақталып келеді. Десек те, баламалы есептеу әдістері Қазақстандағы нақты жұмыссыздық деңгейі ресми көрсеткіштен жоғары болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. 

“Сол себепті гендерлік, жас айырмашылығы мен өңірлік теңсіздіктерді ескеретін жаңа сараптамалық әдістерді енгізу маңызды”, - дейді сарапшылар.

Республикада әйелдер (5,1%) арасындағы жұмыссыздық деңгейі ер адамдарға (4,2%) қарағанда жоғары. 

Сарапшылардың айтуынша, ресми деректерде NEET жастары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен “жасырын жұмыссыздық” бойынша деректер ескерілмейді.