Bugin

Таныстарынан 78 млн теңгені алдап алған жігіт ақшаны бәске жұмсаған

Таныстарының 78 млн теңгесін алдап алған күдікті ақшаны бәс тігуге жұмсаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

БҚО полициясы 25 жастағы жігітті ұстады. Оның үстінен 14 алаяқтық дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол 2023 жылдан бері техника мен автокөлік сатып алу, тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдыру және ақшаны көбейту сияқты желеумен тұрғындардың ақшасын иемденіп кетіп отырған. 

Орал тұрғынынан тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдырамын деп 4 млн теңгеден астам қаржыны алдап алған. Тағы бір қала тұрғынына тұрмыстық техника жеткізіп беремін деп, 4,5 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com