Саясат

Жапонияда жаңа монарх – император Нарухито таққа отырды

Ол туралы не білеміз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапония императоры, таққа отырғаннан кейін, жолдау жасап, барша әлемде бақыт, прогресс және бейбітшілік орнайды деген үміті туралы айтты.

Ол таққа ресми түрде, осы сәрсенбі күні өткен император белгілерін табыстау аясында отырды. Император белгілері үшеу – айна, қылыш және яшма (кварцтың бір түрі).

Нарухито императордың таққа отыруымен, Жапонияда, жаңа императорлық Рэйва кезеңі басталды. Рэйва - тәртіп пен үйлесімділік дегенді білдіреді.

Жапониядағы әр императордың билік басына келуімен, жаңа күнтізбе басталады. Бүл күнтізбе, батыстық күнтізбемен қатар жүреді.

Рэйва кезеңінің алдындағы Хэйсэй кезеңі (бейбітшілікке жету) император Хирохито өліп, оның ұлы Акихито таққа отырған 1989 жылдан бастау алады. Акихито – Нарухитоның әкесі және 125-ші император.

Өзінің әсерлі сөзінде, Нарухито әкесіне алғыс білдірді. Акихитоның Жапонияға қалай қызмет еткенін айтқан оның даусы үзіліп шықты: "Менің әкем, өмір бойы Жапония халқына қызмет етті", – деді Нарухито.

85 жастағы Акихито қартаюына және денсаулығының нашарлауына байланысты, тақтан бас тартты. Ол енді құрметті император дәрежесіне ие.

"1989 жылы, Акихито таққа отырған кезде, ол әлеуметтік жағдайдың жақсы болуы мен бейбітшілік жайлы айтқан болатын", – деді Кен Руофф, Портленд мемлекеттік университетіндегі жапондық зерттеулер орталығының директоры.

Бұл мақсаттарға жету үшін, Акихито өзінің Хэйсэй кезеңінде жұмыс жасады. Оның аурулар және түрлі апаттар саласынан зардап шеккен адамдармен байланыста болуы, оған көптеген жапондықтардың сүйіспеншілігін сыйлады.

Бұл суретте император Акихито өзінің әйелімен, цунами салдарынан зардап шеккендермен кездесуде. 

Церемонияда не болды?

59 жастағы Нарухитоға қасиетті белгілерді қылыштың көшірмесі және қасиетті яшма табысталды.

Сондай-ақ, айна бар. Бірақ айна, үш белігінің ең қадірлісі. Ол ресми түрде табысталмайды және ғибадатханада сақталады. Ғибадатханадан ешқашан шығарылмайды.

Бұл үшеуі - жапон императорларының атадан балаға берілетін белгілері және императорлық биліктің символдары.

Император Нарухито патшайым Масакомен бірге, Токиодағы сарайда

Нарухито - Жапонияның 126 - шы императоры. Оксфорд университетінде оқыған және 28 жасында тақ мұрагері атанған. Патшайым Масако Гарвард пен Оксфордта оқыған. 

Әйелімен 1986 жылы танысып, 1993 жылы үйленген. Жалғыз қызы Айко, 2001 жылы туған. Жапонияның қазіргі заңы бойынша, әйелдер тақ мұрагері бола алмайды. 

Нарухитоның інісі Фумихито, келесі тақ мұрагері болып саналады.

Жапон монархиясының маңыздылығы неде?

Бұл әлемдегі ең көне монархия болып саналады. Кейбір аңыздар бойынша, біздің дәуірімізге дейінге 600 жылдардан бастау алады.