Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Pexels
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық соты “Қазақстан” шахтасындағы өрт және бес кеншінің қаза болуы фактісі бойынша Г., М., Т., Г. қатысты істі қарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сотталушылар абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзудің қауiпсiздiк қағидаларын бұзды деп айыпталды.
“2-бис позициясының горизонты -170 Д6 көмір конвейерінің еңісіне төлқұжат болмаған жағдайда, металл арка бекітпесінің қимасы мен тұтастығын бұза отырып, көрінетін деформациялары болған кезде, жұмыстарды тоқтату бойынша шаралар қабылданбады, орташа тұтанғыш конвейер таспасын пайдалануға рұқсат етілді және ұзақ уақыт бойы материалдан тазартуға (бөлшектеуге) және тозған айналмалы және істен шыққан роликтерді ауыстыруға жөндеу ауысымына наряд берілмеді”, - делінген сот шешімінде.
Осы жағдай салдарынан 2023 жылғы 17 тамызда жөндеу ауысымында “Қазақстан” шахтасының көмір конвейерлік еңісінде өрт болды.
Өрт салдарынан бес кенші қаза тауып, он жеті кеншіге денсаулығына орташа және ауыр зиян келтірді.
Кінәлілер 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.