ҚОҒАМ

Алматыда жарты жыл бұрын жоғалған қыз бен жігіттің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда 2024 жылдың күзінде із-түссіз жоғалып кеткен жігіт пен қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

2024 жылы 24 қыркүйекте 17 жастағы Лағыл  Бұланбаева мен 22 жастағы Айбек Базарбаев із-түссіз жоғалып кеткен. Олар сол күні таңғы сағат 6-да Еңбекшіқазақ ауданы, Кировец СО, 14-линия көшесі, 1-ғимарат мекенжайынан шығып кеткен. Сол кеткеннен қайта оралмаған. 

Еріктілердің айтуынша, жоғалғандар 2025 жылдың 21 ақпанында табылған. Жастардың осынша уақыт қайда болғаны әзірге белгісіз.