Bugin

Перизат Қайраттың “Biz Birgemiz” қоры жабылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram/01pk

Әділет министрлігі Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоры таратылатынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, Перизат Қайрат басқарған “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қоры 2021 жылдың 11 қазанында тіркелген. 

2025 жылдың 14 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қордың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану және мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз түскен. 

Талап қоюға қаржы мониторингі агенттігінің «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін құру кезінде жіберілген заң бұзушылықтарға байланысты оның тіркеуінің күшін жою рәсімін бастау туралы хаты негіз болған. 

Еске салайық, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,7 млрд теңге қаражатты ұрлады деген күдікпен ұсталған болатын. Перизат Қайраттың анасы да алаяқтық ісі бойынша күдікті деп танылды. Гайни Алашбаева қызына көктемгі тасқындардан зардап шеккендерге көмек үшін қазақстандықтардан жиналған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға белсенді түрде көмектескен.