ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comИллюстрация: Mila Grabowski / Медиазона
Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша қылмыстық тергеу толық аяқталды. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті мәлімделі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полиция мәліметінше, тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысқан, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданған.
“Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынды. Күдіктілердің оқиға орнында берген түсініктемелері тексеріліп, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді. Сонымен қатар қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды”, — деп мәлімдеді полиция.
Тергеу аясында 8 бейнематериал сарапталып, барлық қатысушыға құқықтық баға берілді.
“Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар. Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді, тергеудің барлық кезеңінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді”, — деді олар.
Сонымен қатар тергеу барысы мен процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болды.