Спорт

Атақты қақпашы жүрек ұстамасына ұшырады

Касильяс мансабын аяқтауы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше таңғы жаттығудан кейін 37 жастағы қақпашы Икер Касильяс өзін нашар сезініп, ауруханаға жеткізілді. "Порту" клубы оның жүрек ұстамасына ұшырағанын растады. Ота жасалып, Касильястың өміріне еш қауіп жоқ екені анықталды. Алайда ойыншы мансабын аяқтауы мүмкін.

"Икер Касильяс сәрсенбі күні Оливальдағы "ПортуГайя" оқу-жаттығу орталығындағы таңғы жаттығу кезінде өткір миокард жүрек ұстамасын басынан кешірді. Жаттығу тез арада тоқтатылып, команда қақпашысына көмек көрсетілді. Ол қазір госпитальде. Касильястың дені сау, оның денсаулығы бірқалыпты, жүрегімен туындаған мәселелер шешілді", – деп жазылған "Портудың" ресми сайтындағы мәлімдемеде.

Касильяс "Порту" клубына 2015 жылы "Реал" сапынан ауысқан. "Реал Мадрид" сапында 16 жыл бойы ойнаған қақпашының "Портумен" келісім шарты 2020 жылға дейін қарастырылған.

Атақты қақпашыны "Реал", "Барселона", "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Челси", "Бенфика", "Спортинг" командалары қолдап, тезірек жазылып кетуіне тілек білдірді.

Айта кетейік, Икер Касильяс Испания құрамасының сапындағы Әлем чемпионы, Екі дүркін Еуропа чемпионы, "Реал" қатарында Испания біріншілігін, Испания Кубогын, Чемпиондар лигасын жеңіп алған заманымыздың әйгілі қақпашысы.