Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: CTS
Қытайдың Таншань қаласында LRT алғашқы жылжымалы құрамдарын құрастыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 24kz сайтына сілтеме жасап.
19 дана жылжымалы құрамға тапсырыс “CRRC Tangshan Co., Ltd” зауытында орналастырылды.
Автоматтандырудың жоғары деңгейі және сыйымдылығы:
Ұзындығы 60 метрлік жылжымалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандырылған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталады, ол келесі функцияларды қамтамасыз етеді:
• есіктерді автоматты түрде ашу және жабу;
• тоқтау және жылдамдату;
• депоға кіру және шығу;
• құрамдардың жағдайын бақылау;
• пойыздар арасындағы қашықтықты реттеу;
• оператордың (машинис) қатысуынсыз басқа функцияларды орындау.
Төрт секциялы құрамдар толық жүктелгенде (6 адам/шаршы метр) 600-ден астам жолаушыны сыйдыра алады.
Жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігі
• Салондарда беріктігі жоғары материалдар, соның ішінде органосиликатты былғары және шыны талшықты композит қолданылады, бұл жолаушыларға жайлылықты арттырады.
Шуды азайту үшін қалыңдатылған терезелер және шуды бәсеңдету элементтері қолданылады.