Bugin

Әскери резервтегі қазақстандықтарға жалақы төленеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik

Бүгін Сенат резервтегі әскери қызмет туралы заң жобасын қарады. Құжат арқылы келісімшарттың мерзімі, оны жасау, сабақтар мен жиындар өткізудің тәртібі айқындалады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Әскери резерв келісімі ерікті түрде үш жылға жасалады. Сарбазға ай сайын және түрлі әскери жиындар кезінде ең төменгі жалақы төленеді. Ал жұмыс істейтіндерге жиын уақытында оның орташа айлығы өтеледі және жұмысы мен лауазымы сақталады. 

Сарбаздардың медициналық қамтамасыз етілуі, тамақтану, жарақат алған жағдайда біржолғы өтемақы алу мүмкіндігі де бекітілді. 

Заңды Сенат екінші оқылымда мақұлдады.