Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Ақтөбеде 20 бала иіске уланып қала жаздады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға шаһардағы спорт мектептерінің бірінде болған. Қызметкерлердің бірі суға араластыратын хлорды қоспалардың бірін байқамай өзге химиялық ерітіндімен ауыстырып алған.
Салдарынан өзі уланып, ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы жақсы. Оқиға спорт мектебінің жертөлесінде болған. Ол уақытта суда 20 бала жаттығып жүрген. Олардың барлығы дереу эвакуацияланды. Ешқайсысы зардап шеккен жоқ.