Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: жеке инстаграм парақшасынан
"Асар Үме" қайырымдылық қоры Перизат Қайраттың қаржы жымқыру ісіне қатысты ресми мәлімдеме жасап, өздерінің де бұл оқиғаға байланысты зардап шеккенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қордың ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігінің қаржы жымқыру ісі қоғамда үлкен резонанс тудырып, елдегі қайырымдылық саласына ауыр соққы болған.
"Біз бұл жағдайдың шындыққа айналғанына әлі де сенгіміз келмейді. Бұл оқиға тек қайырымдылықпен айналысатын жандарға ғана емес, жалпы қоғамдағы игі істерге деген сенімге де көлеңке түсірді. Өкінішке қарай, алаяқтық әрекеттер біздің қорымызға да кері әсерін тигізді. Тергеу нәтижесінде "Асар Үме" қоры ресми түрде жәбірленуші тарап ретінде танылды. Істің барлық мән-жайын жария ете алмаймыз, алайда әділдік орнайтынына сенеміз – кінәлілер заң алдында жауап береді", – делінген қордың мәлімдемесінде.