ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: скриншот
Көкшетаудың орталығында Mercedes пен "ВАЗ-2107" көліктері соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Әуелбеков пен Тәшенов көшелерінің қиылысында болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік ішінде болған екі әйел мен жол бойымен келе жатқан тағы бір әйел ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар 2015 жылы туған он жастағы қыз да дәрігерлердің көмегіне жүгінген.
Ақмола облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.