САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: currenttime.tv
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен оның жұбайы, олигарх Тимур Құлыбаев Қазақстан-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) бақылауын тоқтатты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қаржы министрлігінің қаржылық есептілік депозитарийіндегі деректерге сәйкес, университеттің негізгі акционері өзгерген.
"Акционерлердің құрамы мен эмитенттің дауыс беретін акцияларының 10%-дан астамын иеленетін тұлғалар қатарында өзгеріс бар. ҚБТУ-дың жаңа иесі — "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС", — делінген ресми құжатта.
Аталған өзгеріс 27 ақпанда тіркелген.