ҚОҒАМ

Қазақстандағы мұғалімдердің жалақысы соңғы 5 жылда қалай өзгерді? – министрлік жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі елдегі мұғалімдердің жалақысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ведомство деректеріне сәйкес, қазақстандық мұғалімдердің жартысы 1,5 ставкамен (24 сағат) жұмыс істейді және орташа есеппен 581 мың теңге жалақы алады.

2023 жылғы статистикаға сүйенсек, бір ставка (16 сағат) бойынша орташа айлық жалақы қала мектептерінде 352 мың теңгені, ал ауылдық жерлерде 435 мың теңгені құраған. Алайда педагогтардың жартысы қосымша жүктеме алып, 1,5 ставкамен жұмыс істеп келеді.

Ұстаздардың еңбекақысы бірнеше факторға байланысты өзгереді: білім деңгейі, біліктілік санаты, еңбек өтілі, сағат жүктемесі, сондай-ақ жұмыс жағдайына, ғылыми дәрежесіне, тәлімгерлік қызметіне және сабақтан тыс жұмыстарға берілетін қосымша төлемдерге қарай есептеледі.

Бұдан бөлек, педагогтердің кәсіби шеберлігіне байланысты қосымша үстемақылар қарастырылған:

Педагог-шебер – 50%

Педагог-зерттеуші – 40%

Педагог-эксперт – 35%

Педагог-модератор – 30%