ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Хабар24
Орал қалалық соты сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А. Тәшенбаевқа, бас маман Н. Ғатауға және «Алиханстройпроект» ЖШС директорының орынбасары А. Купбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тәшенбаев көппәтерлі тұрғын үйлердің эскиздік жобаларын келісіп, сауда-саттықсыз жер учаскесін заңсыз беру арқылы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол бұл қызметі үшін Купбаевтан жалпы сомасы 1,5 млн теңге пара алған.
Ғатау жер учаскесін іріктеу актісін заңсыз мақұлдағаны және мемлекеттік қызметтер порталына құрылыс жүргізілмей-ақ жерді кеңейту туралы құжаттарды енгізгені үшін 500 мың теңге пара алған.
Сот шешімімен:
• А. Тәшенбаев – 7 жылға,
• Н. Ғатау – 3,5 жылға,
• А. Купбаев – 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, үшеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазым иелену құқығынан айырылды.
Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. ҚР Конституциясының 77-бабы мен Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабына сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі шыққанға дейін әр адам кінәсіз деп саналады.