ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Ерболат Бекболта/baq.kz
2024 жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында күдіктілер "TAKORP" қаржы пирамидасын басқарып келгені белгілі болды. Аталған жоба өзін АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде таныстырған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қатысушылар жүйеге кіру үшін "OKX" криптобиржасы арқылы криптовалюта сатып алуға шақырылған. Сонымен қатар, олардан кемінде бес жаңа салымшы тарту талап етілген. Бұл шарт орындалған жағдайда, құнды сыйлықтар ұтуға кепілдік берілген.
Пирамидаға сенген 50-ден астам азамат 30-дан 500 АҚШ долларына дейін инвестиция құйып, 2 мың АҚШ долларына дейін бонус аламыз деп үміттенген. Алайда, ұйымдастырушылар салымшылардың қаражатын өз мақсаттарына пайдаланған. Қылмыстық жолмен алынған қаражаттың жалпы сомасы 50 млн теңгеден асқан.
Күдіктілер Павлодар қаласынан 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңгеге төрт депозит ашқаны анықталды.
Соттың санкциясымен олардың мүлкіне және банктегі қаражаттарына тыйым салынды. Қазіргі уақытта күдіктілер "үйқамақ" және "елден кетпеу туралы қолхат" түріндегі шектеу шараларымен тергелуде.