ҚОҒАМ

Алматы әуежайында ерлік көрсеткен азамат – әнші Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Алматы халықаралық әуежайында болған төтенше жағдай кезінде батылдық танытып, қылмыскерді ұстауға көмектескен азаматтың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол – Әбдірайымов Мұса Сайрамбайұлы, әнші Бағлан Әбдірайымовтың ағасы.

Мұса Абдраймов 1973 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында дүниеге келген. Ол – көпбалалы отбасының кенжесі, кәсіби спортпен айналысқан, бүгінде бес баланың әкесі.

Әнші Бағлан Әбдірайымов ағасының бұл ерлігін ерекше атап өтті.

“Ешкім батыр боламын деп жоспарламайды. Бірақ дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өмірін бәйгеге тіккені – нағыз ерлік! Таңертең бізді шығарып салғанда, осындай жағдай боларын білсек, бірге суретке түсіп қалар едік…” – деп жазды әнші. 

Еске сала кетейік, 7 наурыз күні Алматы әуежайында белгісіз ер адам қауіпсіздік қызметкерін кепілге алып, пышақпен қорқытқан болатын. Оқиға орнына жеткен полицейлер мен ерікті азаматтың көмегімен қаскөйдің қолындағы қару тартып алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаға жедел үн қатып, қылмыскерді ұстауға көмектескен азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.