САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: РИА Новости
Ресейлік БАҚ-та саясаткер Владимир Жириновскийдің туған жері Алматыда оған ескерткіш қойылатыны туралы ақпарат тарады. Алайда, бұл ақпаратқа қатысты Алматы қаласының Мәдениет басқармасы түсініктеме беріп, мұндай бастаманың қарастырылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
“Алматыда В. Жириновскийге ескерткіш орнату туралы өтініш түскен жоқ. Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия тиісті ұсынысты қарастырған жоқ”, — деп хабарлады әкімдік.
Бұған дейін ТАСС агенттігі 2026 жылы Жириновскийдің 80 жылдығына орай Ресейдің бірнеше қаласында және оның туған жері Алматыда ескерткіш орнату жоспарланғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ Жириновскийдің құрметіне брендтелген пойыздар шығару, деректі фильмдер мен спектакльдер қою, мектептер мен жоғары оқу орындарында "Жириновский" тақырыбында парламенттік сабақтар өткізу секілді іс-шаралар қарастырылғаны айтылған.
Алайда Алматы әкімдігі бұл мәселеге қатысты ешқандай өтініштің түспегенін және ескерткіш орнату жоспары жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.